• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Шілде, 2018

Әлемде әрбір 45-ші бала аутизммен дүниеге келеді

740 рет
көрсетілді

Сарапшылардың сөзіне сенсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір 45-ші бала аутист болып туылады. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш кемудің орнына артып отыр. Ал қазір Қазақстанда 60 мың адам аутизм дертімен алысып келеді.

Алайда аутизммен күресу айтар­лық­тай нәтиже бермейді деп есеп­телсе де, оны жеңуге болатынына «Аутизмді же­ңеміз» жобасына қатысушылардың кө­зі жете бастады. Мұндай науқаспен туыл­ған балалар да,  олардың ата-аналары да күн сай­ын, сәт сайын мұның мүмкін екендігін дә­лелдеуге көшті. Ең бастысы дүние есі­гін ашқан кішкентай адам қандай сы­нақ­пен туса да, іштен шыққан сәбиіңді сүй­іп, оның өз қатарына қосылуы үшін қа­жырлы түрде күрескенде оң нәтиже бе­ретіні белгілі бола бастады.

«Аутизмді жеңеміз»  жобасы жұмыс істей бастағанына биыл бес жыл болады, осы аралықта оған қосылғандар саны үш есе өскен. 

– Аз жыл бұрын ғана Қазақстанның маман­дары аутизм мәселесін қабылдауға құ­­лық­ты емес еді. Ендігі жерде бұл іс­ке мем­лекет те қатыса бастағанын бай­қай­мыз. Бірақ бұл мәселемен күресуде ата-ана­­лардың рөлі ерекше. Олар ештеңеге де қарамастан, баласын емдетудің жол­да­рын іздейді. Осының және әріп­тес­теріміздің арқасында аутизммен туылған балалар өздерінің армандарына барынша жақындап, қоғамға бейімделіп келеді, – дейді «Мейірімділік ерікті қоғамы» қо­ғам­дық қорының жетекшісі Аружан Саин.

Ал енді аутизмнен емделу жолында бас­­ты кедергілердің бірі – бұрынғыдай ар­нау­лы мамандардың, оңалту орта­лық­та­рының жетіспеушілігі болып отыр. Дә­рі-дәрмектердің қымбатшылығы мен спорт­тық құрал-жабдықтардың жоқтығы да қол бай­лайды.

Осындай мәселелерді шешу үшін «Ашық жүрек» қайырымдылық бас­та­масы қолға алынып, оған «Номад Ин­шу­ранс» сақтандыру компа­ниясы көмек­ке келуге дайын екендігін біл­дір­­ген еді. Нәтижесінде осы аралықта «Мей­ірім­­ділік ерікті қоғамы» қоғамдық қо­ры атал­­ған жоба аясында айтарлықтай қа­ра­жат жи­­нап, дәрі-дәрмектер, спорт­тық жат­тығу­лар­­ға арналған құралдар мен жал­пы науқас балалардың өмірін жақ­сар­туға бағытталған керек-жарақтарды са­тып алды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ