• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Шілде, 2018

Аурудың алдын алуды үйренген абзал

355 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қыз­метінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары, Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталы­ғының басшысы Жәмилә Баттақова тамақтану мәдениетін өзгертуге қатысты ұсыныстардың ғылыми негіздемесін қалыптастырып, адам өмірі мен іс-әрекетінің, аурудың алдын алу шаралары мен денсаулықты нығайту бағытында жұмыс атқарып жатқандықтарын жеткізді.

Аймақтардағы түр­лі қыз­меттердің іс-қи­мылын реттеу үшін Денсаулық сақтау ми­нис­трлігі «Сау қала» жобасын әзірлегенін айтты.

«Бұл өмір сүрудің қауіпсіз жағ­дайлары мен медициналық қыз­меттің қолжетімділігін, дене бел­сенділігі мен спортпен айналысу үшін жағдай жасау, ауа мен суды ластауды азайту шараларымен қамтамасыз етеді. Әр аймақтың сау университет пен мектеп, аурухана, сау тағамдар мен жұмыс орындарының кө­ме­гімен адам денсаулығы үшін жағдай жасау және оның жо­лындағы кедергілер мен өзек­ті мәселелерді анықтау өте ма­­ңызды. Біздің мақсатымыз – жер­­гілікті органдарға барынша көмек көрсету. Ұлттық желі құру мақ­сатында «Қазақ­станның сау қалалары» брендін танытып, оны жүзеге асыру жолдарын адамдарға жеткізгіміз келеді. Мы­­салы, көліктерді азайту есебінен жаяу жүргінші жолын, веложолдарды көбейту қоршаған ортаның ластануын бәсеңдетеді», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»