• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Технология 24 Шілде, 2018

Астаналықтар жаңа электронды билет жүйесіне қалай қарайды? (ВИДЕО)

383 рет
көрсетілді

Астанада 21 шілдеден бастап жол ақысы 180 теңгеге өсті. Бірақ электронды карта қолданушылары үшін қала автобустарында жүру бұрынғыдай 90 теңге болып қала бермек.

Осыған байланысты қазір шаһар аялдамалары маңында «Астана LRT» компаниясының терминалдары орнатылды. Ал қалтаның қағылмауын ойлаған халық ұзын-сонар кезекте тұр.

Байқағандарыңыздай халықтың көпшілігі электронды билет жүйесінің тиімділігін айтуда. «Астана LRT» компаниясы мамандары аталмыш жүйе арқылы көлеңкелі ақша айналымын түпкілікті жойып, бюджет түсімін арттыруды көздеп отырғандарын айтады. Ал 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

журналист

Видео: Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ