• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2018

Маңғыстауда қуаты 42 МВт болатын жел электр станциясы салынады

467 рет
көрсетілді

Маңғыстауда Форт-Шевченко маңындағы жел электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «South Wind Power» ЖШС-ның бас директоры С.Парцикян, және «Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясының өкілі Huang Cheng қол қойды.

Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторларын орнатып, құрылыс кезеңінде 70 адам жұмыспен қамтылатынын айтты. Инвестиция көлемі 60 млн. долларды құрайды.

«Жел қондырғысының құрылысы «жасыл экономикаға» көшу, қоршаған ортаға зиян келтіретін инновациялық технологияларды жүзеге асыру болып табылады және бұл жоба электр энергиясының қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Түпқараған ауданында 375 гектар жердегі 42 МВт жел қондырғысының құрылысы басталады. Аталмыш жоба бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары басталады», деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі күні жер телімін рәсімдеу бойынша шаралар қабылданып, заңнама әзірленіп, келісілген құжаттамалар оң қорытындысын алды.

Сондай-ақ, жобаға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің орналасуы бойынша жоспар енгізілді, есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы келісімге қол қойылып «Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы» АҚ-мен желілеріне қосылу туралы келісім жасалды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы