• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Шілде, 2018

Асу алқымындағы алқынған бұлақ

1256 рет
көрсетілді

Тау басындағы осы бұлаққа таңырқаймын да қоямын. Жарықтық, жол түсіп бұл асуға келген сайын тоқтап өтемін. Неге екенін қайдам, көліктегі жүргіншінің барлығы бір қозғалақтап қояды. Жүргізушінің бәрі «Маруся  бұлағы» дейді.

Бұл жолы да біз мінген автобустың жүргізушісі ыңырана көтеріліп келе жатқан күйі «Марусә бұлаққа» келдік  деді. Көлік қара ағаштың жанындағы бұрылған жолға тоқтады.Бірге келе жатқан Нұрсұлтан, Айгерім, Айнұр есімді балалар ыдыстарын алып, бұлақ басына қарай ентелей жүгірді.Қараағаштың түбіндегі үстел басында көже сатып, бір қыз отыр екен.Бидай көжесін,қымыранын сатып, көлеңкеде дастарқанын жайып саудасын жасап отырған жайы бар.Бидай көже ұсынған Бағила қызды әңгімеге тарттық.

- Осы жерде Қымыз сататын бір бала отырушы еді?-дедік.

- Е, ол Нұркен ғой... Көршіміз.

- Қымыздың ақшасын не істейсің?-десек, ол ойланып тұрып:

- Көп болсын да, сосын үйленемін, -дейтін.

- Қазір Ащысайда жұмыс істейді.

Үзын жолдағы асу алқынындағы бұлақтың неге Марусия екенін сұрап, кезінде Кентаудағы автокомбинатта ұзақ жыл директоры болған, ақын ағамыз Рахым Балабиевке телефон шалып хабарластық. Ол кісі сұрапыл сағыс жылдары Ресей жақтан келген қызға байланысты әңгіменің барын естігенін айтады.

           Теберік бұлақ тас үңгір,

           Құлама жартас, жасыл қыр.

           Асқары арқар, текелі –

           Әжімбет ата мекені...

Бұлақ басында бұл жолы барғанымызда реттеп жөнге келтіріп қойыпты. Ми қайнатар шіліңгір шілдеде Қаратаудың теріскей асатын асуындағы бұлақ басында тақта  қойыпты. Созаққа қарай бет алған тұста теберік бұлақ басына осылай тас қайғанына ризашылық білдірдік. Туған жер төсіндегі жүргіншілердін ыстық күнде су ішетін орынға өлең жолдарын арнағаны көңіл қуантты. Осыған қуанғандай, асудың алқымындағы шымырлап қайнаған бұлақ былдыр-былдыр бірдеңе айтатындай. Шіркін дерсіз.

Асу алқымындағы алқынған бұлақ...

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ащысай асуы,

Түркістан облысы