• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Жаңаөзен: Жағдай тынышталып келеді

331 рет
көрсетілді

19 желтоқсан күні Жаңаөзендегі жағдай бір қалыпқа түскендей болды. Шетелдік бір топ журналистермен бірге оқиға болған ор­та­лық алаң­ды, қиратылып, отқа оранған қалалық әкімдік, «Өзен­мұ­найгаз» өндірістік филиалы кең­сесі мен «Аруана» қонақ үйін, ірі сауда орын­дарын аралап көрдік. Көшелерде тәр­тіп­сіздіктің салдарынан қираған, бүлінген дүние-мүліктер, автокөліктер жинала қоймапты. Кө­ше­лердегі жүргіншілер қатары да сирек. Жел­тоқсанның қара суығына қарамай ішкі істер органдары мен әскерилер сақтық пен қырағы­лық танытып, азаматтардың қауіпсіздігін сақ­тау жолындағы жұмыстарын атқарып жүр. Қа­лаға кіреберістегі арнаулы пункттерде төтенше жағдай­лар­ға байланысты тексеру жолға қо­йы­лыпты. Жалпы, қала көшелері, негізгі ны­сан­дар бақылау мен қор­ғауға алынған. Қалалық аурухана маңайында ха­лық біраз жиналып, ту­ма-туыс, дос-жаран­дарының жағдайына алаң­даулы екен. Аурухана бас дәрі­гері­нің орын­басары Р.Жапарованы әңгімеге тарттық. Бізде 16, 17, 18 желтоқсанда дәрігерлік көмек сұрап келген 99 адам тіркелді. Біраз адамға жедел жәрдем көрсетілді. Күні бүгін 23 адамға көмек көрсетіліп, ем жасалуда. 28 адам Ақтауға жөнел­тіл­ді. Бізге келгендердің 85 пайызы оқ тиіп, дене жарақатын алғандар. Жас мөлшерлері 18-30 жас аралығындағы адамдар. Науқастарға қажетті дәрі-дәрмек пен қан жеткілікті екендігін жеткізді. Қалалық штабта облыстық ішкі істер де­пар­­таментінің бастығы, қала коменданты, полиция полковнигі А.Қабыловпен әңгіме­лес­тік. Елбасы­ның Жарлығымен 17 желтоқ­сан­нан бастап Жаңа­өзен қаласында төтенше жағ­дай енгізілді. Мен сол Жар­лыққа орай Жаңа­өзен қала­сы­ның коменданты қыз­метін атқа­рып жа­тырмын. Жарлыққа орай қалаға келіп-кету уа­қытша шектеліп, басқа да қауіп­сіздік заңды­лық­тары сақ­талуда. Қала түгел­дей дерлік ба­қы­лауға алынды. Қазақ газ өңдеу зауыты, «Қазтрансойл» АҚ объектілеріне және басқа да халыққа қызмет көрсететін нысандарға ба­қы­лау қойылды. Жұ­мыстары бірқалыпты жү­ру­де. Азық-түлік жеткізіліп, 3 наубайхана жұ­мыс істей бастады. Қала­лық әкімдік уақытша дене шынықтыру және спорт кешеніне ор­на­ласты. 20 желтоқсан күні қала­да сенбілік өт­кі­зіп, көшелерді, әлеуметтік нысандар маңайын тазалау жоспарлануда, бұл жұмысты қа­ла­лық «Тазалық» серіктестігі қолға алады. Бұза­қы­лар­ды іздеу, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы 700-ге жуық адам тексеріліп, 49 адам тұтқындалды. Бір сөзбен айт­қан­да, қоғамдық тәртіп қатаң бақы­ла­нып, тұрғын­дар­дың қауіп­сіздігін сақтау үшін қол­дан келген­нің бәрі жасалуда. Сондай-ақ қалада Жа­ңаөзен қаласы­ның экономикасы мен әлеуметтік өмі­рін шұғыл арада қалпына келтіру мақсатында құ­рылған комиссия мүшелері де жұмыс жасауда. Сол күні облыс әкімі Қ.Көшербаев қала­да­ғы қалыпты тұрмысты қамтамасыз етуші құ­ры­лым­дар қызметін қалпына келтіру мәсе­лелері бо­йын­ша жұмыс кеңесін өткізді. Оған Төтенше жағ­дай­лар министрі, Үкіметтік комиссия төр­аға­сының орынбасары, ішкі комиссия жетекшілері В.Божко, Байланыс және ақ­парат министрі А.Жұ­мағалиев қатысты. Онда бірінші кезекте жергілікті атқару­шы билік­тің қалыпты жұмы­сы үшін барлық жағ­дай­ды жасау қажеттігі айтылып, оны жедел үй­лес­тіру шаралары белгіленді. Қорыта айтқанда, Жаңа­өзендегі жағ­дай­ды қалыпқа келтіріп, азамат­тар­дың қауіп­сіз­дігін сақтау жолындағы жұ­мыс­тар жүйелі жү­ріп жатыр. Жоламан БОШАЛАҚ.