• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Шілде, 2018

Аягөзге 73 100 дана гүл егілді

750 рет
көрсетілді

Аягөз көшелеріне қаланы абаттандыру мақсатында 73 100 дана гүл егілді. Оның 45 100-і петунья, 1000-ы фенанари, 21 000-ы шафран және 6 000 данасы раушан гүлі.

«Қаланы абаттандыру үшін бұған дейін гүлдер еліміздің өзге қалаларынан сатып алынатын. Бірақ, жергілікті жерге өсірілген өсімдіктің жерсінуі де жылдам екенін ескерген абзал. Осыны алға тарта отырып, ауданның шұғыл континенталды ауа райына қарамастан оларды жылыжайларда өсіру қолға алынған. Нәтижесі де көңіл көншітерлік. Қалаға егілген гүлдердің 60 пайызы жергілікті жылыжайларда өсіріліп, қаламызға көрік беруде», - дейді Аягөз аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Медет Мырзыкешов.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы