«Шығыс» әскери өңірлік жалпы қолбасшылығының далалық жаттығу алаңында 54770 әскери бөлімінің инженер-саперлік тобы дайындық жұмыстарын күшейтті.
Рота командирлері қарсыластардың орналасқан жерлері мен нысандарын анықтап, қару-жарақ түрлерінен хабарлар алды.
Маңызды жерлерде миналар сақталған ба, сумен қамтылу, радиациялық қауіпсіздік деңгейі сияқты проблемаларды қарастырды. Биологиялық және химиялық қадағалау және шабуыл, сондай-ақ, қорғаныс қабілеттерін де күшейтуді де шыңдады. Бөлімше командирлері өздерінің тәжірбиелерін тереңдетті. Командирлер арасында инженер-жол ротасының лейтенанты А. Оразаев, арнайы зарарсыздандыру ротасының командирі капитан Н. Байтеміровтер үздіктер қатарынан танылды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
суретті түсірген автор
СЕМЕЙ