• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2018

Денис Теннің өліміне қатысты Алматылық бойжеткен 2 айға қамауға алынды

338 рет
көрсетілді

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам - Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы спортшы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның ұсталғаны туралы хабарлаған.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адамға қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялауға өтініш түсті. Әйел адам ҚР ҚК 434-бабы мен 188-бабының 2-бөлімімен 2 айға қамауға алынды», - деп хабарлайды қалалық соттан.

Айта кетейік, ҚР ҚК 434-бабы бойынша, болған немесе жоспарланған қылмыс туралы ақпаратты уақтылы хабарламағаны үшін күдікті 14 млн 400 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, бойжеткен күдікті ҚР ҚК 188-бабы ұрлық жасағаны үшін айыпталуда. Егер оның аталған бап бойынша кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 1000 АЕК, яғни 2 млн 405 мың айыппұл төлеп немесе 3 жылға дейін сотталады