• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Шілде, 2018

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен PSA International трансқұрылықтық бағдарларды дамытады

434 рет
көрсетілді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев пен PSA International компаниясының бас директоры Тан Чонг Мэн Ляньюньган порты арқылы Орталық Азия, Корея, Жапония және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасында тасымалды ұйымдастыру бойынша әріптестікті дамыту мәселесін талқылады.

Кездесуде Оңтүстік-Шығыс Азия, Қазақстан және Еуропа арасындағы бағдарлар пайдалану арқылы жаңа логистикалық шешімдер құру мүмкіндіктері қаралды.

Тараптар сонымен қатар Транскаспий халықаралық көліктік бағдарын дамыту бойынша жоспарды талқылады және Қазақстаннан Түркиядағы, Батыс және Оңтүстік Еуропадағы PSA терминал бағыттарына тасымалды жақсарту жайын сөз етті.

PSA International делегациясы Қазақстанға сапары барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның көліктік-логистикалық мүмкіндіктерімен танысты.

PSA International әлемдегі ең ірі ғаламдық порттар мен терминалдар топтарының бірі болып табылады. Компания Азия елдері, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Американың порттық жобаларына қатысады және көпмақсатты терминалдық қызметтерді қосқанда контейнерлік және терминалдық сервис ұсынады.