Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға, Басқамыс ауылдары талай жыл жолсыз қалып еді. Қазір Бесқауға мен қала арасындағы 50 шақырымдық жол және Басқамыс пен қала арасындағы 10 шақырымдық жолға жөндеу жұмыстары басталды. Аталған құрылысқа республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Енді Бесқауға, Басқамыс ауылының тұрғындары 2019 жылдан бастап ой-шұңқырды ұмытып, жаңа жолмен жүреді деген үміт бар.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьАл мамандар жол уақытында пайдалануға берілуі үшін күн тәртібінде тұрған басты мәселе – жол салуға материалдар жеткілікті болуы керек дейді. Соның ішінде қиыршықтас, битум аса қажет екен. Сондықтан облыс әкімдігінің отырыстарына жол салушы компаниялар өкілдері де жиі қатысатын болды.
Тиісті мекемелерге жол бөліктерін мерзімінде аяқтауы, оның сапасын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды. Аудан, қала әкімдеріне конкурстарды мерзімінде аяқтап, жобалау жұмыстарын жан-жақты қарастыру міндеттелді. Биыл облыстағы жолдың 1100 шақырымы жөнделсе, оның ішінде 460 шақырымнан астамы жергілікті ауыл жолдарына тиесілі.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, өңірдегі жол жөндеу жұмыстарына 12,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жергілікті маңыздағы жолдарда 67 шақырымға асфальт-бетон төсемі салынған. Жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында басқарма мамандары, авторлық және техникалық бақылау өкілдері апта сайын «ПавлодарЖол лаборатория» қызметкерлерімен бірігіп тексеріс жүргізеді.
Ал өңірдегі жолдардағы ең үлкен мәселе – Баянауыл курортты аймағына апаратын жолды жөндеу тағы да жоспарланып отыр. Туристер де, қонақтар да, қарапайым жұртшылық та Баянауылға баратын жолдың жөнделуін күтумен келеді. Туристік әлеуетке сай жаңа заман жолдары қажет. Курортты ауданда жалпы 340 шақырым жол жөнделмек. Соның ішінде Қалқаман кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі 174 шақырым жолды жөндеу бойынша тендер де өтті. Құрылысты ірі компаниялар жүргізеді. Қажетті материалдар да дайын. Нәтижесі қандай боларын уақыт көрсетеді...
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, «Сапа» серіктестігі аудандық маңызы бар Жаңажол – Ескелді бағытында 52 шақырым жолды жөндеуде. Жөндеу жұмыстары жаңа техникалармен, жаңа тәсілмен жүргізілуде. Яғни жолды алдымен бетондап, оның үстіне асфальт төсейді.
Сонымен қатар талай жыл жөнделмей келе жатқан жол – аудандық маңызы бар Ақсан ауылының кіреберісі мен Торайғыр ауылы – Жасыбай демалыс аймағындағы жол да жөнделуде. Ақсан ауылындағы жолдың ұзындығы бар-жоғы 6 шақырым болса, Торайғыр – Жасыбай арасындағы бөлік 12 шақырым.
Демалыс аймағы саналатын Торайғыр ауылы мен Жасыбай көлі демалыс аймағында жол құрылысы былтыр басталып, негізгі табаны салынған болатын. Биыл асфальт төселуде. Баянауыл арқылы өтетін республикалық маңызы бар Павлодар – Қарағанды бағытындағы жолдың жұмыстары да басталды. Бұл жолға «Қазавтожол» АҚ жауап береді. Қазір жол бөліктерінде мердігерлер өз кестелеріне сай жұмыстарын жасауда. Біз тек бақылаушымыз дейді аудандық әкімдік қызметкерлері.
Биыл Баянауылдағы аудандық маңызы бар 70 шақырымдық жолдың жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд теңге бөлініпті. Тереңкөл – Михайловка – Ресей шекарасы бағытындағы облыстық маңызы бар автокөлік жолына да облыстық қазынадан 766 миллион теңге қаржы бөлінген. Мердігер «ПКФ – Гордорстрой» ЖШС қазір жол құрылысын бітіріп те қалды.
Тереңкөл – Михайловка – Ресей шекарасы бағытындағы жолдың әрі қарайғы 62-82 шақырым аралығындағы 40 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын «АЗА» ЖШС жүргізуде. Береговой – Октябрь – Лесное ауылдары бағытындағы жолға да күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Ал Екібастұз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарынша, биыл қалаға қарасты ауылдар жолдарының құрылысына, күрделі, орташа, ағымдық жөндеуіне және тас жолдарды күтіп-ұстауға 2,1 млрд теңге бөлінген. Қалаға қарасты өндірісті Солнечный кентінің жолы да талай жылдар бойы ойлы-шұңқырлы еді. Ақыры бұл жолды ГРЭС-2 электр стансасы өз қаржысы есебінен жөндеуді қолға алыпты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы