• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Тамыз, 2018

Ақтөбелік 64 оқушы Қарағанды облысында болды

464 рет
көрсетілді

Қарағанды облысына рес­публикалық өлкетану акциясы аясында Ақтөбе облысынан 64 бала келді. Алыс­­тан ат арытып жеткен ба­лақайлар үш күн бойы об­лыстың Теміртау, Шах­тинск қалалары мен Қар­қаралы ауданында болып, өлке тынысы және тарихымен танысты. Атал­ған игі шара Қазақстан Рес­публикасы Президенті Әкім­­шілігінің тапсырмасымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Акция туған еліміздің мәдениеті мен тарихын зерттеу, білу, Қара­ғанды облысының та­ри­­хи мекендерінің әртүр­лілігі мен ерекшелігі туралы мәлі­мет алуды мақсат еткен болатын.

Ақтөбелік балақайлар облыспен танысуды Теміртау қа­ла­сынан бастады. Қонақтар тари­хи-өлкетану мұражайында, Нұрсұлтан Назарбаев оқыған Қа­ра­ғанды мемлекеттік индус­триалды университетте, «Восток» саябағының қысқы бағында болды. Сонымен қатар балалар үшін Самарқан су қоймасында серуен мен «Жанар» мейрамханасында түскі ас ұйымдастырылды.

Бұдан кейін балғын саяхатшылар Долинка кентіндегі сая­си қуғын-сүргін құрбандарын ес­ке алу мұражайын аралап көр­ді. Мұнда балалар түрлі жәді­герлермен танысып, Карлаг оқи­­­­ға­лары туралы әңгімелерді тың­­дады.

– Бұл күн көптеген қызықтарға толы болды. Маған барлығы ұна­ды, әсіресе саяси қуғын-сүр­гін құр­бандарын еске алу мұ­ра­жайы мұңды сезімге бөледі, – деді өзінің алған әсерімен бөліс­кен ақтөбелік оқушы Ақер­ке Толы­баева.

Ал  Ақнұр Нұрлыбекова есім­ді қонаққа Самарқан су қой­ма­­сында өткен судағы серуен ұна­ған екен.

– Теміртаудағы тарихи-өлке­тану мұражайында мен көптеген мәліметтерді білдім. Онда біз қа­зақ халқының тарихы туралы сыр шертетін тарихи жәдігерлерді та­ма­шаладық. Сонымен қатар маған Теміртаудағы Самарқан су қоймасы қатты ұнады, ол жер өте әсем екен, – деді Ақнұр Нұр­лыбекова.

Сенбі күні Ақтөбе облысынан келген делегация Қарқаралы ауданына барды. Онда қонақтарды флешмобпен және концерттік бағдарламамен қарсы алды.

– Қарқаралыға қош келдіңіз­дер! Қарқаралы – ол әсем табиғат, оқиға-аңыздарға толы тарих, осы жерден көптеген батырлар мен шешендер, ақындар мен жазушылар шыққан. Бүгін сіздер Абайдың әкесі Құнанбайдың тұр­ғызған мешітінде болып, тау­ басына шығасыздар. Бұл күн қызыққа және оқиғаларға то­лы болады, – деп қарсы алды қо­­нақ­тарды Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Сайлау Әли­ұлы.

Қарқаралыда балалар Құнан­­бай қажының мешітінде, өл­ке­тану мұражайында болып, Мәди Бәпиұлының ескерткішін көрді. Тауға шығып, «Үш үңгір»­ туристік алаңына барып, Қарқа­ра­лы мемлекеттік ұлттық табиғи паркін аралап қайтты.

– Маған бәрі де өте қат­ты ұна­ды, әсіресе тауға шығып, ұлттық саябақпен танысқанымызға қуа­ныш­тымыз. Біз онда бұғыларды, қояндарды және тасбақаларды көрдік. Өкінішке қарай бизондарды көре алмадық, бірақ мен олар туралы интернеттен оқыған болатынмын. Еркім болса, осы жерде мекендеп қалар едім, – деп риясыз күлімдеді қонақ бала Айғаным Жанболатова.

– Қарқаралының табиғаты өте әсем екен – ағаштары да, таулары да. Осында тағы келіп, барлығын тағы бір мәрте аралап шыққым келеді, – деді құрбысының сөзін құптаған Ақерке Толыбаева.

– Бізді барлық жерде тамаша қарсы алды. Бағдарлама өте қызықты болды, біз Теміртауда, Кар­лаг мұражайында, тіпті тау­ ішінде де болып қайттық. Қар­қа­ралыда алғашқы адамдар­дың үңгірінде болдық, ол керемет екен. Қарағанды облысы – өте қы­­­зықты және әсем өңір. Менде тек ­жағымды әсерлер ғана қалды, – деді ақтөбелік ұлан Нұрбек Мы­сиев.

– Үш күн лезде өте шықты. Мен Қарағанды облысы туралы көптеген мағлұматпен таныстым. Әсіресе Құнанбай қажының ме­­­шіті есімде қалды. Ақтөбеге орал­­ған соң, ата-анам мен достарыма барлығын айтып беремін, – дейді Ақмаржан Аманбек.

Сондай-ақ ол делегация құра­мындағы барлық балалардың атынан Қарағанды облысындағы акция ұйымдастырушыларына жылы лебіздері мен құшақ жая қарсы алғандары және қызықты бағдарлама әзірлегендері үшін шын жүректен алғыс айтты.

– Қарағанды облысының әкім­­дігіне, өңірдегі біз болған қа­ла­лар мен аудандардың бі­лім басқармасы мен білім бө­лім­­де­рінің басшылығы мен қыз­меткерлеріне алғысымызды біл­­­дір­гіміз келеді, – деді Ақ­тө­­бе­ облысының деле­гация­сы­ же­текшілерінің бірі Бағ­да­гүл­ Ті­легенова. – Бар­лық­­­­та­ры­ңызға экс­курсиялар,­ қызықты бағ­дар­ламалар ұйымдас­ты­рып, ерек­ше-көңіл күй сыйлаған­да­рыңыз үшін рахмет!

Экскурсия кезінде Ақтөбе облысынан келген делегацияның қауіпсіздігіне ерекше мән берілді. Үш күн бойы олар мінген көлікті облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері қанатының астына алды.

Енді екі аптадан кейін рес­публикалық өлкетану акциясы аясында Қарағанды облысынан 40 бала Ақтөбе облысына барып қайтады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы