• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Тарих 02 Тамыз, 2018

Жұрты Жақсылықты төбесіне көтерген күн

448 рет
көрсетілді

Ұлтымыз қай салада болмасын, таланттарға кенде емес. Ал спорт­та жұлдызы жарқыраған қазақтың бірі  Жақсылық Үшке­мпіров екенін елі қалай ұмытсын?! Сонымен бүгін «сөй­лейтін» су­рет танымал фототілші, ұлттық спорттың фото­ше­­­жі­ресін ты­нымсыз жалғап келе жатқан Юрий Беккер­дің қоржынынан шық­ты. 

– Әлбетте бұл фото 1980 жылы түсірілді. Жақсылық Үшкем­піров Мәскеу Олимпиа­дасы­нан жеңіспен оралғанда қуанбаған адам жоқ. Абыройлы азаматты халық құшақ жайып қарсы алды. Олимпиадаға қатысушылар шеруі Алматыдағы М.Ю. Лермонтов атындағы ака­демиялық орыс драма театрында өтті. Отызға келгенде орда бұзған саңлақ спортшымен кездесуге, құттықтауға келгендердің қарасы көп болды. Мен ол кезде КазТАГ-тың жас фототілшісі ретінде осы салтанатты шараны, айтулы оқиғаны түсіруге бардым. Сахнада атақты боксшы Серік Қо­нақбаев та отыр. Ол кезде екі­нің бірі қазіргідей смартфонға сарт еткізе алмайды. Өзім үшін де көзіме ыстық бұл суретті Олимпиада чемпионы­на естелік ре­­тінде берген-бермегенім есім­де қалмапты. Сондықтан түсіріл­ге­­ніне 38 жыл өте шыққан фото даңқ­ты тұлғаға да тосынсый болуы ғажап емес, – дейді Юрий Беккер.

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ