• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2018

Apple компаниясы Amazon мен Google-ды басып озуы мүмкін

726 рет
көрсетілді

Apple компаниясы ең басты бәсекелестері Amazon мен Google-ды басып озып, триллион доллар тұратын ең қымбат бірінші америкалық компания атануы мүмкін, деп хабарлайды BBC.

Қазір Apple-дың капиталы 935,3 миллиард долларды құрайды. Компанияның соңғы есебіне сәйкес, 2018 жылдың үшінші тоқсанында Apple 17% қаржысын жоғалтып, 53,3 миллиард долларға жетті. Сарапшылардың пікірі бойынша, осы кезеңдегі нарық 52,4 млрд долларға бағаланады.

Үшінші тоқсанда компания жоспарланғаннан әлдеқайда аз телефон сатқан. Осыған қарамастан, Apple-дің жалпы кірісі қымбат мобильді құрылғыларға деген сұраныстың арқасында айтарлықтай өсті.