• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2018

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары - 2018» облыстық көрме-байқауы өтті

298 рет
көрсетілді

Қызылордада облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен «Қазақстанның үздік тауары - 2018» облыстық көрме-байқауы өтті.

Биыл байқауға 24 кәсіпкер қатысқан. Салыстырмалы түрде алғанда жыл сайын өсу байқалады. Мәселен, 2016 жылы байқауға 17 кәсіпкер өтініш білдірсе, өткен жылы 22-і ғана болған екен. Яғни, байқауға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді.

Облыс әкімдігі қаржыландырып отырған шарада «Бастау жобасына қатысып, өнім өндіре бастаған кәсіпкерлердің қатары көбейіп келе жатқандығы қуандырады.

Биыл жеңімпаздарды дәрежесіне қарай бөлу алынып тасталды. Көрме-байқауды 2015 жылдан бастап ұйымдастырып келе жатқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл қадамды жеңімпаз болған тауарлар түрлі тауар тобына жатады, олардың тұтынушылық құрамы екі жағдайда да жоғары деңгейде. Үш аталымда теңдей үш жеңімпаз анықталады деп түсіндіреді.

Шара соңында, «Қазақстанның үздік тауары - 2018» облыстық көрме-байқауына өнімдерін әкеліп, белсенді қатысқан кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов алғыс хаттармен марапаттады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».