• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Президент 07 Тамыз, 2018

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

283 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.