• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Өнер 15 Тамыз, 2018

Эдуард Успенский өмірден озды

491 рет
көрсетілді

Ресейлік жазушы Эдуард Успенский 80 жасында дүние салды, деп хабарлайды РИА Новости.

РЕН ТВ арнасының хабарлауынша, жазушы Мәскеу әкімшілік округіне қарасты Пучково ауылындағы үйінде қайтыс болған.

«Қолтырауын Гена мен достары», «Простоквашинодағы демалыс» сынды  танымал шығармалардың авторы соңғы жылдары ауырып, денсаулығы нашарлап кеткен болатын.

Ол 1937 жылы 22 желтоқсанда туған. Өлеңдер мен әңгімелер жазуға мектеп кезінен қалам тарта бастаған.  1966 жылы жазылған бірлескен юморлық әңгімелер жинағы кең таралып, қалың оқырманға танымал еткен болатын.