• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Тамыз, 2018

Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды

451 рет
көрсетілді

Бүгін 2018 жылғы Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері өтуде деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан ватерполшылары қытайлық қарсыластарына жол берді. Біздің команда Қытай қыздарынан 4:11 есебімен ұтылды.  Қазақстандық команда Жапония, Қытай, Таиланд, Гонконг және Индонезиямен бірге "А" тобында сынға түседі.

Бұл топтағы өзге матчта Жапония құрамасы жарыс қожайыны саналатын Индонезияны 15:5 есебімен жеңді.  Біздің команданың келесі кездесуі 17 тамыз күні Таиландқа қарсы өтеді.