• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Футбол 17 Тамыз, 2018

Еуропа лигасы: «Астананың» плей-офф кезеңдегі қарсыласы анықталды

123 рет
көрсетілді

Елорданың «Астана» командасы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ клубымен кездесетін болды.

Екі команда да Еуродода бәсекесін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаған болатын. Кипрдің командасы бірінші іріктеу кезеңінде Литваның «Судуве» (1:3, 1:0) командасынан сенсациялы түрде жеңіліп, Еуропа лигасына түссе, «Астана» клубы аталған турнирдің үшінші ірікету кезеңінде Хорватияның «Динамосынан» (0:1, 0:2) жеңіліп қалды.

Екі команданың арасындағы алғашқы кездесу 23-тамыз күні Кипрде өтсе, қарымта матч 30-тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, «Астана» Еурокубог аясында АПОЭЛ командасымен үшінші мәрте кездескелі тұр. 2015 жылы елорда командасы АПОЭЛ клубын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде жеңіп (1:0, 1:1), тұңғыш рет аталмыш турнирдің топтық кезеңіне түскен болатын. Араға жыл салып екі команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде кездесіп, әр қайсысы өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жеткен.