• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 23 Қаңтар, 2017

Кореялық банк Центркредит банкінің акцияларын сатпақшы

4827 рет
көрсетілді

Кореялық Kookmin Bank қазақстандық «Центркредит» (БЦК) банкіндегі өз үлесін сатуға ниетті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылымның хабарлауынша, жексенбі күні кореялық банк осы аптада Қазақстанда өтетін директорлар кеңесінде «Центркредит» банкіндегі акцияларын сату жөнінде келіссөздер жүргізетінін растаған.

Kookmin Bank (Кукмин банк) – активтер көлемі мен нарықтық капиталдандыру бойынша Оңтүстік Кореяның ірі банктерінің бірі. БЦК Kookmin Bank үлесі 41,9% құрайды. БЦК 41,9-пайыздық үлесін кореялық банк 2008 жылы 939,2 млрд вонға сатып алған. Бүкіләлемдік банк тобына кіретін IFC халықаралық қаржы корпорациясы бірлескен инвестор ретінде мәмілеге қатысты. Корпорация БЦК-ның 10-пайыздық үлесіне ие.

2010 жылы 19 тамызда Корея қаржылық бақылау қызметі Kookmin Bank басшылары мен қызметкерлеріне банкті басқаруда жіберілген қателіктер мен келтірілген шығындар үшін айыппұл салды. Атап айтқанда, Kookmin Bank 2008 жылы – жаһандық дағдарыс кезінде БЦК акцияларын сатып алғаны үшін айыпталды.

Соның салдарынан банктің бірінші жетекшісі Канг Чунг Вон 2010 жылы өз лауазымынан босатылды.

Centercredit Bank Қазақстанның банк секторында үздік ойыншылардың бестігіне енеді.

«Әлемдік қаржылық дағдарыс ипотекалық бизнеске белсене араласқан банкке өз залалын тигізбей қоймады. 2014 жылы Қазақстандағы теңге девальвациясынан кейін Кукмин банктің БЦК акцияларының құны одан әрі құлдырай түсті», – делінген мақалада.