• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Бокс 18 Тамыз, 2018

Допинг дауынан кейін «Канело» ресми түрде қайта рингке оралды

386 рет
көрсетілді

Sports.kz сайтының хабарлауынша Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) салынған санкцияны алып тастаған. 

«Канелодан» жекпе-жек алдында алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылған болатын. Нақтырақ айтқанда Сауль Альварестің 17 және 20 ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол табылған еді. Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшыдан алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады. Сөйтіп«Канело» ресми түрде рингке оралды.

«Канело» мен GGG-дың алғашқы айқасы дау тудырып, соңында қарсыластар тең түскен еді. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтетін болады.