• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Тамыз, 2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

1324 рет
көрсетілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының жетінші Бас хатшысы Кофи Аннан 80 жасында Женевада қайтыс болды, деп хабарлайды BBC.

Кофи Аннан 1997 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы болды және ұйымды он жыл басқарды. 2001 жылы ол Нобель сыйлығын алды.

Аннан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қызметінен кеткеннен кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкілі ретінде Сириядағы қақтығысты шешумен айналысты. Сондай-ақ өз қорын құрып, Нелсон Мандела құрған «Ақсақалдар» ұйымын басқарды.

Ганадағы ақсүйектер отбасынан шыққан ол өз елінде және АҚШ пен Швейцарияда жақсы білім алған. 1962 жылдан бастап БҰҰ түрлі құрылымдарында жұмыс істеді, соның ішінде Сомалидегі ұйымның бітімгершілік миссияларына және Руандадағы геноцидке жетекшілік етті.