• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Ұстанымы – әділеттің ақ жолы

447 рет
көрсетілді

Оңтүстікке бірнеше күндік жұмыс сапарымен келген “Әді­лет” демократиялық партиясының серкесі Мақсұт Нәрікбаев ал­ғаш­қы күні облыстық фи­лиалдың шта­бында журналистермен бас­па­сөз мәслихатын өткізіп, бірталай өзек­ті мәселелерге байла­ныс­ты өз бай­ламын жеткізді. Отанымыз үлкен мүм­кін­дік­тер­дің алдында тұр, біздің мақса­ты­мыз – күрмеулі мәселе­лер­дің түйінін шешуге құқықтық тұрғы­дан көмектесіп, әділ ба­ғасын беру. Көпшіліктің санасына әді­лет­тілік деген ұғымды сіңіру. Осы­лай деп сөз саптаған партия төр­аға­сы ашық күнде найзағай ой­нат­қан Жаңа­өзендегі оқиға­лар­ға бай­ланысты өз пайымдауларын білдірді. – Біздің мақсатымыз, – деді Мақ­сұт Сұлтанұлы, – еліміздің саяси өміріне Мәжіліс және мәс­лихаттар арқылы араласу. Сол ар­қы­лы әділ заң орнықтыруға ық­пал ету. Басқосуда құқықтық мәсе­ле­лер­ге көбірек тоқталған партия сер­кесі республикалық, облыс­тық, тіпті аудандық сайлау нау­қан­дарында жеңіс тойын тойлауға сенімді екендігін жасырған жоқ. “Әділет” демократиялық пар­тия­сы Мәжіліске Оңтүстіктен техника ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Исламқұлов пен облыстық адвокаттар колле­гия­сының төрағасы Талғат Се­па­ровты үкілеп қоспақ. Жиында осы азаматтарға партия атынан мандат берілді. Ертеңінде Мақсұт Нәрікбаев пен бұрынырақта Президенттікке бағын сынап көрген Мұсағали Дуамбеков бастаған әділеттіктер Қазығұрт ауданында болып, түс ауа Мақтаарал ауданына жол тарт­ты. Бұған дейін Сайрам және Төле би аудандарында сайлау­шы­лармен кездесу өткізген олардың ендігі бағыты – Созақ ауданы. Кездесудің соңы Шымкентте жалғаспақ.  Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы.