• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

432 рет
көрсетілді

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқарғысы келген 41 жастағы Қазақстан азаматы Таңат Смағұлов көз жұмды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Ол Черногорияға достарымен демалу үшін барған. Сол кеште теңізде үлкен толқындар болды. Біздің отандасымыз суға ағып кеткен екі әйелді көріп, көмекке ұмтылған. Екі әйел де жағаға шықты, бірақ қазақстандықтың өзі судан шыға алмады», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға орнына Қазақстан консулы барып, марқұмның жақындарымен байланыс орнатылды.

«Бүгін барлық қажетті құжаттар рәсімделді, марқұмның мәйіті ертең таңғы уақытта Петропавл қаласына жіберіледі»,  деп мәлімдеді ҚР СІМ.