• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Тамыз, 2018

Қорғаныс министрі әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша тапсырмалар берді

379 рет
көрсетілді

Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев Қарағанды және Сарань қалалары, Ақтас пен Спасск кенттерінде орналасқан Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс барысында Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың барысымен, әскери гарнизонның инфрақұрылымымен танысты. Қорғаныс ведомствосының басшысына қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілері, Қарулы Күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы көрсетілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік әзірлік мәселелерін одан әрі арттыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қолбасшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді.