• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздік көшесіндегі қоныс тойы

253 рет
көрсетілді

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы халықтың көп жылдардан бергі баспанаға деген қажетін қанағаттандырып, байып­ты­лығын танытты. Қай елді мекенде бол­ма­сын жаңа салынған құрылыс көзге түседі. Алматы мен Талдықорғанға сапар шеккендер Сарыөзектегі жол бойында қаз-қатар жаңа үлгіде, сапалы салынған жеке тұрғын үйлерді көреді әрі еріксіз қызығады. Соңғы екі жылда көше ұзарып, құрылыс жалға­сып, қоныс тойлары көбейді. Кербұлақтық 16 отбасы жаңа жылды әсем әрі жарық шаңырақта қарсы алады. Көше ел мерейтойы құрметіне «Тәуелсіз­дік» деп аталды. Үйлі болғандар негізінен бюджеттік мекеме қызметкерлері десек, Биғали Сүлейменов ауданның мал дәрігері болып қызмет атқарады. Бұған дейін пәтер жалдаған отбасы қуанышқа кенелді. Сон­дай-ақ Жанғазы Жексем­баевтың отба­сы да баспаналы болды. Үй бөлу кезінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көп балалы аналарға, дәрігер­лер мен мұғалімдерге, мүмкіндігі шектеулі жан­дарға басымдық берілген. Сарыөзек кен­тінің өзінде көп қабатты тұрғын үйдегі бір­неше пәтер күрделі жөндеуден өтті. Жаңа жылда да ауданда коммуналдық тұрғын үй құрылысы жалғасады. Өйткені, үй кезегінде әлі де екі жүзден астам адам бар. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын жеделдету арқылы олардың сұранысын қанағаттандыру көзделіп, жоспар жасалған. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.