• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Тамыз, 2018

Алексей Луценко - Азия ойындарының чемпионы

345 рет
көрсетілді

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды. 

Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. 

Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салды.