• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Тамыз, 2018

ЕАЭО 1 қыркүйектен бастап жеңіл көліктер үшін баж салығын төмендетеді

553 рет
көрсетілді

Кеден одағының нарығына сырттан әкелінетін автокөліктер үшін баж салығының жарнасы төмендейді, деп хабарлайды Еуразия экономикалық комиссиясының сайты.

 

1 қыркүйектен бастап жаңа көлікті әкелу үшін оның кедендік құнынан 17% жарна төлеу міндеттеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұқсас баж салығы 23% құраған еді. 5-7 жылдан астам қолданыста болған көліктерді әкелу үшін баж салығының құны 22% болады. Келесі жылы көліктерді сырттан әкелуге салынатын баж салығының жарнасы  15% дейін төмендеуі мүмкін. Салықтың жаңа жарналары ЕАЭО аумағына түгел тарайды. ЕАЭО Кеңесінің шешіміне сәйкес, көлік бажынан басқа өзге де тауарлардың 95-тен астам түріне салынатын тарифтердің құны төмендейтін болады.