• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Тамыз, 2018

Ұлттық Банк 1,4 млрд доллар көлемінде валюта сатып алады

372 рет
көрсетілді

Еліміздің Ұлттық банкі болса, жыл соңына дейін 1,4 миллиард доллар көлемінде валюта сатып алуды жоспарлап отыр. Банк мамандарының пікірінше, мұндай операция нарықтағы тәуекелдерді реттеуге жеткілікті.

Қаржылық ұйым 2016 жылдан бері валюта резервтерін әртараптандыру саясатын ұстанып келеді. Сонымен қатар валюта нарығындағы Ресей ақшасының құбылуына еліміздің ұлттық банкы ықпал етпейді. Бұл туралы бүгін ақша-несие саясаты жөніндегі дөңгелек үстел барысында департамент мамандары мәлім етті. Сарапшылардың айтуынша, былтырдан бері жүргізілген бақылауларға сәйкес, теңгенің рубльге шаққандағы бағамы қалыпты болды. Күрделі ауытқулар болған жоқ. Ал Ресей валютасына жалпы нарықтық ахуал ықпал еткен.

Әлия Молдабекова, монетарлық операциялар жөніндегі департамент директоры:

- 2017-2018 жылдар аралығында теңгенің рубльге шаққандағы бағамы  5 теңгеден аспаған болатын. Алайда 2018 жылдың сәуір айында бағам  максималды көрсеткішті байқатты. Яғни  6 теңгені құрады.  Қарап отырсаңыздар  біз рубль бағамын шектемейміз.  Естеріңізде болса былтыр күзде ішкі факторлардың легімен яғни теңгенің құнсыздануын болжаған  уақытта  валютамыз рубльге қатысты керісінше нығая түсті.  Өйткені ресейге қарсы жасалған санкциялар ықпалы валютаның құлыдаруына әкелді. Әрине ұлттық валютамыз да рубль толқуларын аздап қайталағаны рас бұл заңдылық.

 - Сондай-ақ сарапшылар дамушы нарықтардағы валюта көрсеткіштерінің төмендегенін де атап өтті. Оған Федералды резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемені өзгерткені ықпал еткен.  Мамандар келтірген мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері Ресей ақшасы 18 пайызға құлдыраса, теңге 8,8 пайызды құрап доллар мен еуроға қатысты өзгеріс байқатқан және Қытай юаніне де жол берген. Мамандардың пікірінше, теңгенің құбылуына дамушы нарықтардан ірі инвесторлардың ақшасын кері қайтарып алуы  сыңды үрдіс ықпал еткен.

24.kz