• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Теннис 24 Тамыз, 2018

Евсеев пен Бублик жұбы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

353 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Александр Бублик Азия ойындарында күміске қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы сында жұптасып өнер көрсеткен теннисшілеріміз финалда үндістандық спортшыларға есе жіберді.

Рохан Бопанна мен Дивиж Шаран жұбы 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл біздің теннисшілердің Азия ойындарындағы екінші медалі. Бүгін Данилина мен Айнитдинова жұбы қола жүлдегер атанған еді.