• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Тамыз, 2018

Қазақстан және Қытай сауда палаталары ынтымақтастықты нығайтпақ

937 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов Қытай халықаралық сауда палатасы бас өкілінің орынбасары Гао Цимен кездесті, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.

Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың бағыттары мен перспективаларын, Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қазіргі сауда байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысында ынтымақтастық туралы келісім мен тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қытай халықаралық сауда палатасы 1988 жылы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мақұлдауымен құрылған, ол Бүкілқытай сауда палатасы болып табылады. Оның құрамына Қытайда халықаралық коммерция қызметімен айналысатын кәсіпорындар, бірлестіктер және басқа ұйымдар кіреді. Қазіргі кезде палатаға 150 мыңнан астам жекеменшік және мемлекеттік кәсіпорындар мүше болып отыр.

Қытай халықаралық сауда палатасының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі үстіміздегі жылдың наурызында ашылған болатын. 2005 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта Қазақстанға ҚХР-дан келген жалпы инвестициялар ағыны 14,9 млрд АҚШ долларын, кері бағыттағы инвестициялар 487,4 млн долларды құрады. Қазақстанда ҚХР-дың қатысуымен 3 мыңдай заңды тұлға тіркелген, соның 1200-ден астамы қызмет жүргізіп келеді. 2017 жылдың қорытындыларына орай Қазақстанның Қытаймен сыртқы саудасы 32,6% өсіп, 10 млрд доллардан асып жығылған. Қазақстаннан 5,77 млрд АҚШ долларының тауарлары мен қызметтері экспортталды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 36,6% артық.