Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қоғамдық тәртіпті сақтауды, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстарды болдырмау мақсатында және «Конституция күні» қарсаңында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық маңызы бар жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Ішкі істер департаментінің мәліметтері бойынша жедел-алдын алу іс-шараларының негізгі міндеттері қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, сондай-ақ көші-қон заңнамасы мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты бұзушылықтарды анықтау болып табылады.
Маңғыстау облысы бойынша шараға ІІО-ның барлығы 669 қызметкері, Ұлттық гвардияның 301 әскери қызметшілері жұмылдырылған болса, оның ішінде қоғамға тартылғаны әскери қызметкре саны 34. Есепті кезеңде облыс бойынша 24 қылмыс, бұрын жасалған қылмыстан 7 дерек ашылды.
Іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталып, тыйым салынған құралдарды заңсыз сақтағаны және алып жүрген 11, оның ішінде есірткі құралдарды сақтағаны 10, атыс қаруын алып жүрген 1 тұлға ұсталды, одан атыс қаруының 1 бірлігі, ұңғысыз травматикалық атыс қаруының 1 бірлігі тәркіленді.
Тұтастай алғанда, сыртқы қызметтердің қызметкерлерімен облыс бойынша 1173 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде көлік құралын мас күйде жүргізген 30 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, түрлі санаттар бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 362 тұлғаға тексеру жүргізіліп, қабылдау-тарату орнына 20 тұлға жеткізілді, олардың үшеуі 3 шетел азаматтары. Ал, 17 адам уақытша бейімделу және интоксикация орталықтарына орналастырылды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы