Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қазақ елінің мерейлі мерекесі Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті.
Әдеби кешке кітапхананың оқырмандары мен қонақтар қатысты. Кітапхана директорының кеңесшісі Қырмызы Байзақова қатысушыларды мереке күнімен құттықтап, ел Тәуелсіздігінің төлқұжаты – Ата заңның маңыздылығын, еліміздің әрбір азаматының құқығының кепілі ретіндегі мазмұнына тоқталды. Кеш кезегі қонақтарға беріліп, құттықтау лебіздер айтылды.
Іс-шара мерекелік концертке ұласты. Сахна төрінде Нұрбек Ғизатов, Мағжан Нұрлыбаев, Ержан Дүйсенбиев, Марфа Глущенко, Геннадий Демин, т.б. әншілер өнер көрсетсе, ақын Әбетхан Тоқтаған өзінің Астанаға арналған өлеңін оқыды. Кеш әсерлі де тартымды өтті.
Эльвира Серікқызы,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ