Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне орай Астанада АТОМ жобасына арналған «Жер бетіндегі өмір үшін» жаңа пошталық маркасы айналымға енді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьІс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Қазпошта» АҚ әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков, сондай-ақ АТОМ жобасының Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков қатысты.
Жаңа пошта маркасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған ядролық қарудың жойылуына қолдау көрсететін АТОМ (Abolish testing - our mission) жобасына арналған.
«АТОМ жобасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздану және қоғамдық дипломатия саласындағы маңызды бастамасы. Бұл бастаманы Елбасы 2012 жылдың 29 тамызында «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – бейбітшілікке, ядролық қарудан – еркіндікке» атты халықаралық конференция кезінде көтерген болатын», деді Р.Василенко.
Сондай-ақ Р.Василенко Қазақстанда шетелдік серіктестермен бірге ядролық қаруға қарсы күрес күніне арналған ірі халықаралық шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді. 29 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Астанада ҚР СІМ мен шетелдік саяси және қоғамдық-сарапшылық топ өкілдерінің қатысуымен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қатысты төрт күндік конференция өтеді.
Жиын барысында сөз алған К.Күйіков АТОМ жобасының мақсаты әлемдегі ядролық сынақтарды түпкілікті тоқтату және атом бомбасынан азат әлем құру жолында бірігу екенін атап өтті.
«АТОМ жобасының сайтында ел көшбасшыларынан ядросыз әлемді құру талап етілген петиция орналастырылды. Оған әлемнің 100 елінен 312 мыңнан астам адам қол қойды. Біздің ендігі мақсатымыз – 1 миллион қол жинау. Жобаның www.theatomproject.org сайтындағы петицияға қол қоюға мүмкіндік бар. Сол арқылы ядролық қарусыз әлемді құруға үлес қоса аласыздар», деді К.Күйіков.
АТОМ жобасының «Жер бетіндегі өмір үшін» пошталық маркасы офсеттік баспамен көк және сары түсті бояуда жасалған. Перфорациясы ирек тәрізді, тиражы – 20 000 дана.
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»