• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1250

219 рет
көрсетілді

2011 жылғы 1 қараша, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №768 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №768 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы №1791 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №768 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №33, 364-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №768 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қарашадағы №1791 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №55, 457-құжат). 2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.