• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Тамыз, 2018

Қапшағайдағы ағынды сорғы станциясында үш слесарь қаза тапты

390 рет
көрсетілді

28 тамызда күндіз Қапшағайдағы ағынды сорғы станциясында үш слесарь қаза тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды "Қапшағай су арнасы" МКК баспасөз қызметі.

Қапшағай ағынды сорғы станциясында үш слесарь құдық тазалау кезінде метан газына уланып қаза тапты. Оқиға 2018 жылы 28 тамыз күні сағат 11:49-да 10-ыншы кәріз жүйесінде болды.

Шамамен 11:20-да станция қызметкерінің бірі құдықтан бесінші деңгейлі шебер Е.Түменбаев, үшінші деңгейлі дәнекерлеуші Б.Әлиханов пен бесінші деңгейлі құрылысшы Т.Ахметовтың денесін тапқан.  Жүргізуші дереу "Қапшағай су арнасы" МКК бас инжинері Х.А.Батырханов, шебер Ш.Саумалбайға хабарлап, оқиғаны баяндап берген. Кейін Төтенше жағдай мен басқа да жедел қызметтер шақырылған.  Қаза тапқандардың денесін құтқарушылар шығарып алды. Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның себебін тиісті органдар, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен Қапшағай медицина қызметі анықтап жатыр.

«Қапшағай су арнасы" МКК басшылығының тарапынан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі. Марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», делінген кәсіпорынның баспасөз хабарламасында.