• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Тамыз, 2018

Түркістан облысында 6 депутат өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді

390 рет
көрсетілді

Түркістан облыстық мәслихатында 6 депутаттың өкілеттіліктері тоқтатылды.  Мұндай шешім мәслихаттың кезектен тыс 29-шы сессиясында қабылданды.

Сессияда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев Шымкент қаласынан сайланған депутаттардан осындай өтініш түскенін жеткізді.  

«Түркістан облыстық мәслихаты алты депутатының өз өтініштері бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысты қарауды сұраймын. Олар - №4 сайлау округінен сайланған Жұмағали Білісбеков, №5 сайлау округінен Қайрат Молдасейітов, №6 сайлау округінен Қилыбек Тұрлыбек, №7 округтен Арман Берденов, №8 сайлау округінен Бахарам Абдукаримов және №9 сайлау округінен Рәшкүл Оспаналиева».