• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Қазақстан 9-ыншы «алтынды» жеңіп алды

394 рет
көрсетілді

Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тоғызыншы алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгін Жакартада каноэ мен байдаркада ескек есуден финалдық кезеңдер басталды. 500 метрге жарысуда Қазақстан командасы мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, «алтынға» қол жеткізді. Бұл сында Қазақстан намысын Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Алексей Дергунов, Евгений Алексеев қорғаған болатын. Спортшыларымыздың уақыт көрсеткіші - 1.24.203.

Күміс жүлде - Оңтүстік Корея (1.25.313), қола жүлде Иран (1.26.939) құрамасының еншісінде.

Қазақстан құрамасы үшін бұл Азия ойындарындағы 52-інші медаль.Оның ішінде 9-алтын, 9 - күміс және 34 - қола медаль.