• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Тамыз, 2018

Диас Қадырбаев АҚШ-тан депортацияланады

840 рет
көрсетілді

Бостонда болған террорлық актіні тергеу кезінде сотты болған қазақстандық Диас Қадырбаев АҚШ-тан Қазақстанға депортацияланады, деп хабарлайды The Boston Globe.

24 жасар қазақстандық азамат Диас Қадырбаев 2015 жылы Америка түрмесінде 6 жылға жазасын өтеуге сотталған болатын. Ол 2013 жылы Бостонда ағайынды Царнаевтар жасаған лаңкестік актіні тергеу кезінде айыпты деп танылды. Атап айтқанда, ол досы Азамат Тажаяқовпен бірге ағайынды Царнаевтардың пиротехника салынған арқа қоржыны мен ноутбугын жойып жіберген болатын.

Сыртқы істер министрлігі Қадырбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынын осыған дейін хабарлаған болатын. Ол жазасын Техас штатындағы «Big Spring» федералды түрмесінде өтеді.

29 тамыз күні Диас Қадырбаев АҚШ-тың федералдық түрмесінен босатылды. Бұл ақпаратты осы елдің Иммиграциялық және кедендік полициясының ресми өкілі растады.

«Қадырбаев мырза АҚШ-тан Қазақстанға депортацияны күтіп, АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының қамауында қалады», дейді полицияның баспасөз хатшысы Джон Мохан.