• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Тамыз, 2018

Павлодар-Астана пойызында 79 жастағы қария қайтыс болды

324 рет
көрсетілді

Павлодарға бара жатқан электр пойызында 79 жастағы қария көз жұмды, деп хабарлайды Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Астанадан электр пойызымен оралдым. Көрші вагонда бір атай өмірден озды. Вокзалда дәрігерлер күтіп тұрды. Атайдың Павлодарға 20 минуттай қалғанда жаны үзілді», - деп жазды жолаушылардың бірі Әлия Әлмұхамбетова әлеумттік желідегі парақшасында.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы Астана-Павлодар электр пойызының 1939 жылы туған жолаушысы қайтыс болғанын растады.

«Ер адам ишемиялық жүрек ауруынан зардап шеккен. Оның қолқасының тамырлары шунтталған», - дейді басқарма баспасөз қызметінің өкілдері.