Гүлжан Исанова Индонезияның Азия ойындарында 78 келі салмақ санатында қола медальды еншіледі, деп хабарлайды Sports.kz.

Гүлжан Исанова Мөнктуя Баттұлғамен күш сынасып, 10:0 есебінде жеңіске жетті. Ал бұған дейін Қытай Тайбэйінің өкілі Цзявэй Цхайды жеңіп, жартылай финалда жапониялық Акира Сонадан ұтылып қалған болатын.
Қазақстан құрамасының жалпы медаль саны 61-ге жетті. Қоржынында әзірге 11 алтын, 11 күміс, 39 қола медаль бар.