• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2018

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды

351 рет
көрсетілді

Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешенінің астыңғы қабатында қоқыс салатын жәшік өртеніп, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 12-сі - бала, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

«2 қыркүйек күні 18:25-те Медеу ауданында орналасқан 12 қабатты «Три богатыря» тұрғын үй кешенінің астыңғы қабатында 10 шаршы метр аумақты құрайтын ағаш жәшік (қоқыс салатын) өртеніп, 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 12-і - бала. Өрт 19:10-да толықтай сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ», делінген хабарламада. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.