Қазір көп адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Көбіне жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен жұмыс істегендіктен, олар әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақы жүйелеріне қатыса алмайды.
Бұл тіркелу процесінің қиындығы мен салық салмағының ауырлығымен түсіндіріледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеңілдетілген тіркеу режимін – Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу бастамасын ұсынып отыр.
Енді жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбастан жеке тұлғаларға қызмет көрсететін, жеке шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сататындар айына бір рет - қалада 1 АЕК, ауылда 0,5 АЕК көлемінде ақшалай аударымдар жасайды. Сонымен бірге азаматтар осы бір төлем ауқымында әлеуметтік қызметтің толық пакетін алады. Бұл – медициналық сақтандыру, зейнетақы аударымдары, әлеуметтік сақтандыру.
БЖТ-ін төлеу автоматты түрде қызметті тіркеу деген сөз, тиісінше, аударымдар көшірілмесе қызмет те тоқтатылады.
БЖТ-ін банк және терминалдар арқылы төлеуге болады.