• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қыркүйек, 2018

Көшпенділер ойыны: Қазақстан екінші орынға көтерілді

428 рет
көрсетілді

Ыстықкөлде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстанның спортшылары алты күннің қорытындысы бойынша жалпы есепте кестенің екінші қатарына көтерілді.

Қазақстандық 69 медалдың 16-сы алтын, 24-і күміс, 29-ы қола болып тұр. Бүгін тағы да бір-екі алтын қоржынымызға түседі деп күтілуде.

Қырғызстанда 100 медаль болды. Олардың 40-ы алтын, 30-ы күміс, 30-ы қола.

Үшінші орында ресейліктер: барлығы 52 медаль.

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарға 74 өлкеден және Ресейдің 12 елінен 1986 спортшы қатысуда. Ойындарға 267 төреші қазылық етуде. Көшпенділер ойындары бүгін кешкі сағат 23-те үлкен мерекелік концертпен салтанатты түрде жабылады.

 

Назарбек Байжігітов,

Қырғыз Республикасы,

Шолпаната қаласы.