• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Медицина 10 Қыркүйек, 2018

Жұқпалы аурулар бойынша жағдай тұрақты

1805 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінде инфекциялық аурулар­дың алдын алу бойынша мәсе­лелер талқыланды. Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың төр­ағалығы­мен Инфекциялық ауру­лардың алдын алу бойынша республикалық штаб­тың кезекті отырысына қатысу­шылар қызылша, Конго-Қырым гемор­рагиялық қызбасымен сыр­қат­­тану­ эпи­демио­логия­лық жағдайы және халық арасында аталған аурулардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар жөніндегі мәселелерді тал­қылады. Қазіргі уақытта елімізде қы­зыл­ша сырқаты бойынша жағ­дай тұрақты. 2018 жылғы 8 айда профилактика­лық егулерден бас тарту себебі­­нен қызылшаның 2 жағдайы тір­кел­ді. Сондай-ақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты 2018 жылдың басынан бері республиканың эндемиялық өңір­лерінде 14 жағдай тіркелді. Атап айтқанда, Жамбыл облысында – 7, Түркістан облысында – 4, Қызылорда облысында 3 жағдай тіркелген. Оның ішінде осы өңірлердің әрқайсы­сын­да өліммен аяқталған 1 жағдайдан тіркелген. Сарапшылардың айтуынша, өлім жағдайлары пациенттердің дәрігерге уақ­тылы жүгінбеуі себебінен орын алған. Кеңес қорытындысында инфек­циялық аурулардың алдын алу және оны болдырмау үшін одан арғы шараларды қабылдау бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

«Егемен-ақпарат»