12 қыркүйекте Анкара уақытымен сағат 12:00-де MARRIOT ANKARA қонақүйінде Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды «Kazakh Invest».
Инвестициялық форум барысында ынтымақтастық туралы шарттар мен бірқатар меморандумдарға қол қойылады.
Форумның басты мақсаты - түрік инвесторларын Қазақстан экономикасымен, инвестициялық ахуалмен таныстыру, инвестиция тартуға және екі елдік іскерлік ортасы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар ұсыну.