• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қыркүйек, 2018

Алматыда «Денсаулық фестивалі  – 2018» өтті

546 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Астана алаңында «Денсаулық фестивалі – 2018» өтті.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына тегін кеңестер беруден басталды.

«Денсаулық қалашығы» шеңберінде 500-ден астам келушіге тегін медициналық көмек көрсетіліп, кеңестер берілді.  Қала тұрғындары терапевт, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, кардиолог, нефролог, т.б. мамандардан қан қысымына, артық салмаққа қатысты кеңестер алды. 

Қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген шара аясында қан құрамындағы холестеринді анықтау, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қалай пайда болатындығы туралы, сондай-ақ ЖҚТБ-ға қатысты ақпараттар беріліп, тексерілуге ынта білдіргендерге дәрігерлік көмек көрсетілді.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ