• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Бокс 16 Қыркүйек, 2018

Головкин Сауль Альварестен жеңіліп қалды

443 рет
көрсетілді

Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) рематчы аяқталды.

Соңғы раундта Головкиннің сол жақтан ұрған бірнеше соққысы қарсыласына дөп тиді. «Канелоның» аяғы тайып бір жығылып тұрғанымен бұл нокдаун емес еді. 12-ші раундта әбден шаршаған боксшылардың айқасы осылайша нокаутсыз аяқталды. Төрешілердің шешімімен тартысты жекпе-жекте Канело жеңіске жетті.

"Ол тамаша боксшы. Алайда бүгінгі кеште мен басымдығымды айқын көрсеттім" , деді Альварес 

Еске сала кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын қос боксшы Лас-Вегаста кездесу өткізіп, төрешілердің шешімімен тең түскен болатын.