• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қыркүйек, 2018

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы əлем чемпионатына жолдама алды

291 рет
көрсетілді

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан əлем чемпионаты аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.  

Топтық жаттығуда Д.Будник, А. Талғатбек, Р. Сұлтанқызы, Д.Жақыпова, Ж. Дəулетқұлова жəне А. Рустамқызы сынға түсіп, 24-ші орын иеленді. Осылайша, қазақстандықтар 2019 жылы өтетін əлем чемпионатына жолдама алды. Топтық сында Ресей алтын, Италия күміс, Болгария қола жүлдегер атанды.