• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстанда «Қасиетті Троица»  шіркеуінің 25 жылдығы атап өтілді

713 рет
көрсетілді

Облыс орталығында  «Қасиетті Троица» шіркеуінің ширек ғасырлық мерейтойына жергілікті жердің, Ресейдің, Польшаның католиктері қатысты.

Ғибадатханаға  келіп, құлшылық еткен діндарларды облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет құттықтап, айтулы мереке католиктермен қатар православтар үшін де маңызды саналатынын атап өтті. Бүгінде  облыста 11 рим-католик шіркеуі жұмыс істейді. 46 христиан дінін таратушылардың 42-сі–Польша елінің өкілдері. Облыста тұратын өзге дін өкілдері де этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты, келісім мен саяси тұрақтылықтықты қуаттайды.

 «Алдағы күндерде рим-католик шіркеулері дінбасыларының басқосу  жиынын өткізу белгіленіп отыр. Онда католик сеніміндегілер әр елдегі діни ахуал жайлы сөз қозғап, алдағы жұмыс жоспарларымен бөліседі. Оған  ВатиканныңТөтенше және өкілетті елшісі қатысады деп күтілуде», дейді Қазақстанның католик епископтары конференциясының баспасөз хатшысы Петр Пытлованый.

 Меймандар діни тақырыпта іс-тәжірибелер алмасып, іргелі мәселелер төңірегінде ой-пікірлер бөлісетін бөлісті. Мерейтойға орай ұйымдастырылған басқосуда өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы